18 сәуір 2022 | 10:09

Алаяқтар Ақмола тұрғынын 2,8 миллион теңге несие рәсімдеуге мәжбүрлеген

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Алаяқтар Ақмола облысының тұрғынын үш миллион теңгеге жуық несие алуға мәжбүрлеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алаяқтар Ақмола облысының тұрғынын үш миллион теңгеге жуық несие алуға мәжбүрлеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, Зеренді ауданы, Чаглинка ауылының 48 жастағы тұрғыны жоспарлы алдаудың құрбаны болған. Алаяқтықтан бейхабар әйел Көкшетаудағы екі банктен 800 мың және екі миллион теңгеге қолма-қол несие алып берген. Алайда ол тек үш күннен кейін, 14 сәуірде полицияға хабарласқан.

"11 сәуірде әйелдің ұялы телефонына белгісіз адам қоңырау шалғаны анықталды. Қоңырау шалушы өзін Нұр-Сұлтан қалалық полиция бөлімінің қызметкері ретінде таныстырып, әйелдің алаяқтықтың құрбаны болуы мүмкін екенін айтып, оның алдын алу мақсатында, полициямен ынтымақтасуың керек деген", - деді олар.

Реклама
Реклама

Ер адам ірі қазақстандық банктердің бірінде алаяқтықпен күресетін арнайы бөлімнің ашылғанын және осы бөлімнің қызметкері жақын арада оған хабарласатынын айтады. Одан әрі жаңа бөлімнің жалған қызметкері әйелдің атына заңсыз несие берілуі мүмкін екенін айтып, жақын арада банкке барып, барлық мән-жайды анықтауға кеңес берген.

"Келесі күні әйел облыс орталығына барып, банк ғимаратының алдында тұрып, алаяқтардан одан әрі нұсқаулар күтеді. Алаяқтардың айтқанына сеніп, елордалық "полиция қызметкерлерінің" арнайы операциясына қатысып жатқанына сенімді болған әйел 800 мың теңгеге несие рәсімдейді, содан кейін бұл ақшаны банкке қайтару үшін алаяқтың шотына аударады. Әйелді алдау оңай екенін түсінген олар дәл осы схема бойынша оны үлкен сомаға - екі миллион теңгеге басқа банкте қарыз ресімдеуге мәжбүрлейді. Және бұл ақша да қылмыскерлерге аударылады.

Жәбірленуші өзінің алданғанын 14 сәуір күні полиция қызметкерлерімен сөйлескеннен кейін ғана біледі", - деп толықтырды тәртіп сақшылары.

Полицейлер әйелге арыз жазуға кеңес беріп, онымен профилактикалық әңгіме жүргізді. Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тергеу жұмыстарын Көкшетау қалалық ІІБ қызметкерлері жүргізіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram