24 қыркүйек 2022 12:10

Алаяқтар алматылық әйелдің есепшотынан 5 мың доллар шешіп алған

Сұлу Бөлек Корреспондент

Алаяқтар алматылық әйелдің есепшотынан 5 мың доллар шешіп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алаяқтар алматылық әйелдің есепшотынан 5 мың доллар шешіп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Екі ер адам ірі алаяқтық жасаған. Екеуі де камера объективіне түсіп қалды.

Олар Алматы қаласының тұрғынын алдап, ақшасын иемденіп алған. Әйелдің ұялы телефонына қоңырау шалған ер адам өзін банк қызметкері деп таныстырып, одан депозит шотынан жеке шотына ақша аударуға өтініш білдірдіңіз бе деп сұрай бастаған.

Реклама
Реклама

"Сонымен қатар, алаяқ әйелді егер кодты айтатын болса, кибершабуылдардан қорғайтын арнайы қорғанысты коятынына сендірді. Өзін алдап тұрғанынан күдіктенбеген әйел олардың талаптарын орындаған, ал бірнеше күннен кейін алаяқтардың құрбаны болғанын түсінді. Банкте 5 мың доллардан аса қаражаттың шоттан шешілгенін айтты", - деді Алматы қалалық ПД Анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram