26 сәуір 2022 | 10:30

Алаяқтар Қарағанды тұрғынының атынан жоқ көліктерді сатқан

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Белгісіз алаяқтар Қарағанды қаласының тұрғыны атынан көлік сату сайтында жалған көліктердің фотосын орналастырып, қазақстандықтарды алдап келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AstanaTV телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Белгісіз алаяқтар Қарағанды қаласының тұрғыны атынан көлік сату сайтында жалған көліктердің фотосын орналастырып, қазақстандықтарды алдап келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AstanaTV телеарнасына сілтеме жасап.

Максим Наумкин есімді азаматтың жеке деректерін қолға түсіріп алған алаяқтар куәлік көшірмесін кепілдеме ретінде жіберіп, адамдардан кепіл пұл алып отырған. Полиция тек осы бір адамның атынан салынған жалған хабарламаға 17 адам алданған деп отыр. 2 жылдан бері Наумкиннің өзі де алаяқтардан зардап шеккенін айтады. Себебі хабарламаға алданғандар кепіл ретінде алған құжат көшірмесінің иесі, яғни Максимді тауып алып талай мәрте қоқан-лоқы көрсеткен. Бірақ ол өзінің кінәсіз екенін дәлелдей алмай келген. Тек алданғандар полицияға шағымданып, қылмыстық іс қозғалған кезден бастап ол осы іске куәгер ретінде шақыртылған.

Барлығы қарағандылық азаматтың көлігін саудаға шығаруынан басталған. Мен 2020 жылы көлігімді саттым. Маған Шымкенттен клиент қоңырау шалып, көлікті көргісі келетінін айтты. Кейін маған кепілақы жібермекші екенін мәлімдеп, картамның нөмірі мен жеке куәлігімді сұрады. Барлығын жібере салдым. Осылайша, ол басқа адамдарды алдай бастады.

Реклама
Реклама

"Ол көліктерді көлік сату сайтында менің атымнан арзан бағаға сатады. Жұрт оған телефон соғады, өзін мен деп таныстырады. Адамдар кепілақыны 200-ден 800 мыңға дейін жіберіп отырған" – деп шағымданды Максим.

Бірақ, әрине, олар көлік алмайды. Зардап шеккендердің арасында алматылық Виктор Завозяев бар. Наумкиннің атынан бір алаяқ әкесі қайтыс болғанын айтып, алдын ала ақша салуын сұраған.

"Әкем ауруханада, басына ота жасайын деп жатыр. Көлікті таңертең әкелемін. Көлік сатылып кетпес үшін маған жарты ақшасын аудар деді. Мен алаяқтардың картасына 250 000 теңге аудардым", - дейді Алматы тұрғыны Виктор Завозяев.

Алаяқтар топ болып жұмыс істейтін болып шықты. Тек Қарағанды ​​облысының өзінде тәртіп сақшылары осындай схемалар бойынша 600-ге жуық қылмыстық іс қозғаған. Олардың көпшілігі бір банк картасын пайдаланады.

"Біз банк картасының иесін анықтадық. Болжам бойынша ол Ақмола облысының тұрғыны. Ол алкогольдік ішімдік ішеді. Оған белгісіз адамдар келіп, картасын пин-кодпен бірге алып кеткен", - деді Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің киберқылмыспен күрес басқармасының бастығы Мәди Бағдат.

Полицияның мәліметінше, алаяқтар картадағы ақшаны Ресейден алған. Қазір банк есепшоты бұғатталған, бірақ олардың басқа сенгіш қазақстандыққа жаңасын ашпайтынына кепілдік жоқ. Полиция Максим Наумкиннен алынған мәліметтерді талдап, шабуыл жасаушылардың өздерін қайтадан көрсете ме, жоқ па, соны қадағалап жатыр. 

"Интернет-алаяқтық бойынша 596 іс қозғалды. Бұлар көбіне Колеса, Instagram, OLX секілді желілер арқылы алдайды. Бұл алаяқтар Ресейден, Испаниядан, Алматыдан болуы мүмкін", - деп түсіндірді Мәди Бағдат.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная