Алаяқтар қазақстандықтарға Ұлттық банк, полиция, прокуратура атынан хабарласып жатыр

viewings icon 1306
comments icon 0
Иллюстрациялық фото: elements.envato.com Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

Интернет-алаяқтар қазір Ұлттық банк, Нұр-Сұлтан ПД, прокуратура қызметкерлері болып танысып, қазақстандықтарды алдап-соққан жағдайлар жиілеген. Мысалы Петропавл тұрғыны Максим Мусаев банк менеджері болып танысқан алаяқтардың қоңырау шалуынан кейін 900 мың теңге несие алып, белгісіз адамдардың есепшотына салып жіберген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Петропавлдыққа қоңырау соққандар банк қызметкерлері қарыз қылып қойғысы келіп жатқанын ескертіпті. Сол үшін ер адамға банк бөлімшесіне барып, заңсыз операцияны жою үшін кредит алып, ал ақшаны айтылған есепшотқа аудару керегі айтылған. Азамат дәл осылай жасаған.

"Олар сенімді сөйледі. Барлық құжатты көрсетті, онда мөр де, түрлі орынбасарлар мен директорлардың қолы да қойылған. Сенбей қалу мүмкін емес еді. Олар ҚР ҚК-нің 423-бабын айтты, сондықтан мен сеніп қалдым. Қылмыстық кодексті қарадым, айтқандары дәл келді", - дейді жәбірленуші.

Реклама
Реклама

Полиция мәліметінше, жыл басынан бері өңірде 319 интернет-алаяқтық тіркелген. Алданған әрбір бесінші адам банктің қауіпсіздік қызметінің жалған қызметкерлеріне сеніп қалған.

"Ең басты мәселе - интернет-алаяқтар қазір Ұлттық банк, Нұр-Сұлтан ПД, прокуратура қызметкерлері болып танысып жатады, сондықтан олардың интернет-алаяқтар екенін білу үшін дәл сол жерге қоңырау шалу қажет", - деп мәлімдеді Петропавл ҚП бастығы Жандос Мұхатов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная