07 тамыз 2020 15:09

"Алаяқтар өте көп". Шенеунік пәтер алғысы келетін алматылықтарға сақ болуға кеңес берді

Фото: elements.envato

Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқарма басшысының орынбасары Айбек Сайделдаев мемлекеттік тұрғын бағдарламасындағы алаяқтық деректері туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқарма басшысының орынбасары Айбек Сайделдаев мемлекеттік тұрғын бағдарламасындағы алаяқтық деректері туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айбек Сайделдаев алматылықтарға сақ болуға кеңес берді. Ол алаяқтар әкімдік атынан арнайы "жолдамалар" сатуы мүмкін екенін жеткізді. Бұл құжат мемлекеттік бағдарламаға қатысушының баспана кезегінде тұрғанын растайды екен. 

Реклама
Реклама

"Қазіргі таңда алаяқтар өте көп. Оларға белгілі бір мөлшерде ақша берсеңіз, сізге "жолдама" береді. Қайталап айтамын, бізде құжаттар электрон форматта беріледі. Ол үшін ешкімге ақша берудің қажеті жоқ. Тек бағдарламаның шартын мұқият оқып шығу керек. Алаяқтар коронавирус пандемиясын пайдаланып жатыр. Олар бұл мәселені шеше алатындарын айтады. Мұндай деректер бойынша құқық қорғау органдары бізді бірнеше рет шақырды. Сондықтан сақ болыңыздар. Танымайтын адамдарға ақша бермеңіздер", - дейді ол.

Тұрғын үй жинақ банкінің Алматыдағы бөлімшесінің директорының орынбасары Данагүл Түсіпова алаяқтар сататын "жолдаманың" пайдасы жоқ екенін атап өтті. Себебі, банктер арнайы тізімді қалалық тұрғын үй басқармасынан алады.

"Біз де адамдарды алаяқтарға сенбеуге шақырамыз. Электрон түрде жеке кабинетте берілген жолдаманы банк қызметкерлері тексереді. Біз клиенттің тізімде бар-жоғын тексереміз. Егер ол құжаттарын әкелсе, бірақ тізімде болмаса, оның өтінішін қабылдай алмаймыз", - деді директордың орынбасары.

Сондай-ақ, сарапшылар алматылықтарға мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына өтініш берген кезде құжаттарды мұқият толтыру керегін айтты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram