27 шілде 2020 14:04

Алаяқтар Роза Рымбаеваның атынан ақша "таратқан"

Фото: instagram.com/rozarymbaeva

Алаяқтар Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның атын пайдалып, ақша "таратқаны" белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алаяқтар Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның атын пайдалып, ақша "таратқаны" белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алаяқтар әншінің атынан челлендж өткізіп, 7500 теңге таратылатынын айтқан.

Реклама
Реклама

Олар Instаgram желісіндегі акканунтқа алғаш тіркелген 900 қазақстандыққа 7500 теңге берілетінін хабарлаған. Ол үшін желі қолданушылары аккаунтқа жазылып, жазбадағы комментарийде жеке мәліметін қалдыруы керек болған.

Роза Рымбаеваның ұлы Әли Окапов бұл ақпаратты жоққа шығарып, отбасының бұл шараға қатысы жоқ екенін жеткізді. 

"Бұл фейк. Оған алданбаңыздар. Осы жолы алаяқтар анамның атын пайдаланып жатыр. @roza_rymbaeva_komek @roza_rymbaeva_darit_10milion - мұның барлығы жалған", - деді Әли Окапов.

Ол бұл аккаунттарға шағым түсіріп, бұғаттап тастауға кеңес берді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram