Алаяқтық фабрикасы: полиция Қазақстанның төрт қаласында арнайы операция жүргізді

Фото: polisia.kz

Бір күнде Балқаш, Тараз, Екібастұз және Петропавл қалаларында киберполиция бөліністері прокуратурамен және ұялы байланыс операторларымен бірлесіп, sim box жабдықтарының заңсыз жұмысын әшкерелеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осылайша 24 мыңнан аса sim-карта тәркіленген.

"Операция барысында төрт адам ұсталды, олардың екеуі - көрші мемлекеттің азаматтары. Тінту кезінде алты sim box құрылғысы, 24,5 мыңнан аса sim карта және перифериялық жабдық тәркіленді", - деп жазылған хабарламада.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, ұсталғандарға интернет алаяқтарға көмектескені үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді.

Sіm box қылмыскерлерге әлемнің кез келген жерінде бола отырып, алаяқтық мақсаттағы қоңыраулар жасауға мүмкіндік береді. Тек жабдықтың өзі сол мемлекетте орналасуы және жергілікті байланыс операторларының трафигін пайдалануы жеткілікті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама