21 ақпан 2022 | 14:23

Алаяқтық жасады деген қазақстандық БАӘ-де ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:afmrk.gov.kz

Қазақстан азаматы Біріккен Араб Әмірліктерінде ұсталды. Құқық қорғау органдары мәліметінше, ол қазақстандық кәсіпорындарды 60 миллион теңгеге алдап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан азаматы Біріккен Араб Әмірліктерінде ұсталды. Құқық қорғау органдары мәліметінше, ол қазақстандық кәсіпорындарды 60 миллион теңгеге алдап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР ІІМ Интерполының Ұлттық орталық бюросы Қазақстанның Дубайдағы бас консулдығы және Қаржы мониторингі агенттігімен өзара іс-қимыл кезінде, аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін 2015 жылдан бері іздестіріліп жатқан 43 жастағы Төлеген Рамеевті БАӘ-ден Қазақстанға қайтарды. Шығын сомасы - 60 миллион теңгеден астам", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта айыпталушы қамауға алынған.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Рамеевке іздеу Қаржы мониторингі агенттігі сайтында жарияланған. Осы мәліметке сәйкес, Төлеген Рамеев 1978 жылы туған, Семей қаласының тумасы. Оған ҚК-нің 190 (177)-бабы 4-бөлігі 2-тармағында ("б") көзделген "Бірнеше рет жасалған алаяқтық" бойынша іздеу жарияланған. ҚМА мәліметі бойынша, ол 2013 жылдың наурызынан бастап мемлекетаралық іздеуде жүрген.

ІІМ мәліметінше, соңғы үш айда Қазақстан Интерполы жұмысының нәтижесінде Испания, Ресей, Бахрейн, БАӘ, Грузия, Венгрия және басқа да елдер аумағында түрлі қылмыс жасаған 16 адам анықталып, ұсталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная