ПОДЕЛИТЬСЯ
05 қараша 2021 | 09:16
Алаяқтық жасады деген қазақстандық күдікті Германиядан экстрадицияланды
Бас прокуратура алаяқтық жасады деген күдікке ілінген қазақстандықты Германиядан экстрадициялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бас прокуратура алаяқтық жасады деген күдікке ілінген қазақстандықты Германиядан экстрадициялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"2021 жылдың 5 қарашасында ҚР Бас прокуратурасы мен ҚР Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Германиядан Қазақстан Республикасының азаматы, 32 жастағы Айдос Қанатұлы Шәріповті экстрадициялады", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Бас прокуратураның айтуынша, Шәріпов жеке кәсіпкер болып жұмыс істей отырып, Еуроодақ елдерінде (Литва, Норвегия, Германия, Дания, Финляндия) жұмысқа орналастыру сылтауымен Қазақстан азаматтарына ірі көлемде залал келтірген.
"Оның қылмыстық әрекетінен 60-тан астам зардап шегушіге келтірілген залал сомасы 34 млн теңгені құрайды. Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланды", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта А.Шәріпов Нұр-Cұлтан қаласының тергеу изоляторына қамалды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также