20 қазан 2022 08:53

Алаяқтық жасады деген күдікпен Атыраудағы ҚТЖ филиалының директоры ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин "ҚТЖ" ҰК" АҚ филиалы - "Атырау магистральдық желі филиалы" директорының ұсталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрлан Жахиннің айтуынша, филиалдың бұрынғы басшысы қызметтік бабын пайдаланып, алдау және сенімін асыра пайдалану жолымен кәсіпкердің 1 500 000 теңге көлеміндегі қаражатын иемденген деген күдікке ілінген.

Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері Сапаровтың нақты қандай бап бойынша және қашан ұсталғаны туралы мәлімдеме жасамады. Бірақ олар оның алаяқтық жасағанын және 22 қыркүйекте Атыраудың тергеу соты оған қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасын тағайындағанын атап өтті.

Реклама
Реклама

"Бізде ҚТЖ қызметінде көптеген мәселелер бар. Көптеген сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды", - деді "Антикор" басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram