06 қараша 2020 | 11:14

Әлеуметтік желілерде белсендігі үшін қазақстандық 2 жылға сотталды

© Тұрар Қазанғапов

Түркістан облысының тұрғыны әлеуметтік желілерде тыйым салынған материалдарды таратқаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысының тұрғыны әлеуметтік желілерде тыйым салынған материалдарды таратқаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Түркістан облысы Бәйдібек ауданының тұрғынын ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұстады. Ол әлеуметтік желілерде Қазақстанда тыйым салынған деструктивті ағым көшбасшыларының аудиожазбаларын таратты деген күдікке ілінді. 

Реклама
Реклама

"Полицейлер бұл деректі Қылмыстық кодекстің 174-бабы 1-бөлігіндегі "Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік немесе діни алауыздықты қоздыру" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеді. Заттай дәлел ретінде тәртіп сақшылары аудиожазбаларды алып, сараптамаға жіберді", - делінген хабарламада.

Тергеу материалдары шешімін қабылдану үшін сотқа жіберілді.

Аудандық соттың шешімімен Бәйдібек ауданының тұрғыны кінәлі деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айырылды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная