Алматы әкімдігінің қызметкері пара алды деген күдікке ілінді

Алматы әкімдігінің қызметкері пара алды деген күдікке ілінді Видеодан алынған кадр

Алматыда әкімдік қызметкері пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Алматыда әкімдік қызметкері пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

"Алматы қалалық Жемқорлыққ қарсы қызмет өкілдері сәулет-құрылыс бақылау басқармасын лицензиялау бөлімінің бас маманы жемқорлық жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу бастады. Ол лауазымды тұлға бола тұрып, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін лицензия беруі үшін кәсіпкерден 2 500 доллар пара алды деген күдікке ілінді", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр, күдіктіге қатысты нақты шешімді сот қабылдайды.

Жарнама
Жарнама

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама