Алматы әуежайында АҚШ-тан келген тауардан марихуана табылды

©Tengrinews.kz

Алматы әуежайында кеден қызмтекерлері АҚШ-тан келген тауардан "гашиш" пен "марихуана" тауып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлкеттік кірістер департаментінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Ведомтсво өкілінің хабарлауынша, 2018 жылдың 25 мамырында Алматы қаласының Мемлекеттік кірістер бөлімінің "Жетісу" кеден қызметкері есірткі заттарының халықаралық пошта арқылы импортының алдын алған. 

Тауар кедендік экспресс-жүк бақылаудан өту кезінде техникалық құрал арқылы анықталған. Тауар 18 мамырда Н есімді азаматтың атына келген. 

Реклама
Реклама

"Тексеріс кезінде жасыл түсті, иісі ерекше өсімдік тәріздес 0,7 келі тауарды айқындадық. Сараптама нәтижесіне сәйкес, бұл тауар есірткі яғни  "гашиш" пен "марихуана" екені анықталды, - деп хабарлады ведомтсво өкілі.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама