Алматы әуежайында қыз бала темекі қорабына есірткі салып өтпекші болған

© Тengrinews.kz

Алматы ?аласы ?уежайыны? Авиациялы? ?ауіпсіздік ?ызметі темекі ?орабынан есірткі тапты. Б?л туралы Алматы ?уежайыны? ?кілдері м?лімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алматы қаласы әуежайының Авиациялық қауіпсіздік қызметі темекі қорабынан есірткі тапты. Бұл туралы Алматы әуежайының өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

14 сәуірде 06:40-та Алматы қаласының халықаралық әуежайының Авиациялық қауіпсіздік қызметі ұшу алдындағы тексеріс барысында "Алматы-Дубай" рейсінің жолаушысы 1996 жылғы қыз баланың темекі қорабынан ақ түсті белгісіз затты (болжам бойынша, синтетикалық жолмен жасалған есірткі заты) тапты.

Осы дерек бойынша, құқық қорғау органдарына хабар берілді. Қыз бала Алматы әуежайының ішкі істер тізбекті бөліміне тапсырылды. 

Реклама
Реклама

Тәркіленген зат сараптамаға жіберілген. Қазіргі уақытта ұсталған қазақстандық қызға қатысты бұлтартпау шара тағайындау мәселесі шешіліп жатыр. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама