Алматы әуежайында такси жүргізушілері төбелесіп қалды

Алматы Халы?аралы? ?уежайында ресми такси ж?ргізушісі мен жеке тасымалдаушы т?белескен, - деп хабарлайды Tegnrinews.kz тілшісі. 

Алматы Халықаралық әуежайында ресми такси жүргізушісі мен жеке тасымалдаушы төбелескен, - деп хабарлайды Tegnrinews.kz тілшісі. 

Төбелес әуежай аумағында болған. Қазіргі уақытта полиция төбелестің неден шыққанын анықтау үстінде.

"Жәбірленуші - ресми такси жүргізушісі арызданудан бас тартты. Кейін полицияға компанияның атынан арыз түсті. Бұл дерек Сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестрінде "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру" бабы бойынша тіркелді. Сот-медициналық сараптама жасалады. Сонда ғана белгілі болады, себебі жәбірленушінің өзі әлі күнге арыз жазған жоқ. Ол жоқ болғандықтан, біз қандай деңгейдегі жарақат алғанын анықтау үшін тіпті сот-медициналық сараптаманы да бекіте алмаймыз", - деді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, жеке тасымалдаушының аты-жөні анықталып, одан жауап алынған. Төбелес дерегі бойынша Түрксіб аудандық ІІБ полиция бөлімі тергеу жүргізіп жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама