Алматы базарларында тонаумен айналысқандар ұсталды

Алматы базарларында тонаумен айналысқандар ұсталды

Алматыда базарға келушілерді ұрып-соғып, артынша оларды тонап жүрген ер адамдар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Алматыда базарға келушілерді ұрып-соғып, артынша оларды тонап жүрген ер адамдар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полициядағылардың мәліметінше, күдіктілер қылмысты түнгі уақытта "Барлық" базарында жасаған.

"Бөлімшенің қызмкеткерлері базарға келушілерді тонап жүрген 19 және 25 жастағы екі күдіктіні ұстады. Олар - Шымкент және Алматы облысының тумалары. Қазіргі уақытта олардың тағы үш қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Сондай-ақ, осыған ұқсас тағы басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", - деп хабарлады Наурызбай аудандық Полиция басқармасынң басшысы Дінмұхаммед Әуелхан.

Жарнама
Жарнама


© Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама