Алматы маңында фармацевт әйелді өлтірген адамға жаңа айып тағылды

© almaty.tv

?з ?йелін д?ріханада пыша?тап ?лтірген Азамат ??лымбетов?а жа?а айып та?ылды. Б?л туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы облысты? сотыны? баспас?з ?ызметіндегілер хабарлады.

Өз әйелін дәріханада пышақтап өлтірген Азамат Құлымбетовқа жаңа айып тағылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы облыстық сотының баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

Еске сала кетейік, биыл қыста "Асыл арман" ықшамауданындағы дәріxаналардың бірінде фармацевт болып жұмыс істейтін Жанар Насырова қапыда қаза тапқан еді. Жас келіншекті өзінің 12 жыл отасқан күйеуі бірнеше жерінен пышақтап, айуандықпен өлтіріп тастаған. Қанды қылмыс дәріхана ішіндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған еді. Кейінірек әйелді өлтірді деген күдікпен оның 34 жастағы күйеуі Азамат Құлымбетов ұсталған еді.

Осыған дейін сотта Құлымбетовқа ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша айып тағылған болатын. Сол кезде пышақ салған ер адам сотта өз ісін түсіндірген болатын.

Реклама
Реклама

Алматы облыстық сотының баспасөз қызметіндегілер сот отырысы барысында ер адамға ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы ("Адам өлтiру", аса қатыгездiкпен жасалған) бойынша жаңа айып тағылғанын хабарлады.

"Қылмыстық іс қайта қаралатын болады. Прокурор Құлымбетовқа жаңа айып тақты, жаңа айыптау актісі дайындалды. Алдын ала сот отырысы 19 қыркүйекке белгіленді", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметіндегілер.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама