Алматы мейрамханасында болған атыстың видеосы жарияланды

Кадрдан алынды

Tengrinews.kz редакциясына оқырмандар Алматыдағы мейрамханалардың бірінде болған атыстың видеосын жолдады.

Кадрдан оқиғаның жанжал кезінде болғанын көруге болады. Видеоның 11-ші секундында атыстың, содан кейін әйелдердің айғайлаған даусы естіледі. Айта кетейік, видео қазір WhatsApp мессенджері арқылы кеңінен таралып жатыр. Болжам бойынша, оқиға сәуірдің басында болған.

Реклама
Реклама

Алматы ІІД мәліметінше, мейрамханадағы жанжал келушілердің арасында шыққан. Сөзге келген ер адамдардың бірі екіншісіне пышақ сұғып, кейін карабин қаруынан аспанға оқ атады. "Ер адам мейрамханадан кетіп қалғанымен, полицейлер оны дереу ұстады. Қару тіркелген екен. Ер адам қамауға алынды", - деді Алматы ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама