Алматы метросы құрылысындағы ақша жымқыру ісі: Тергеу қызметі күдіктілерді анықтап жатыр

© DailyNews.kz

Алматы ?аласы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментіні? Экономикалы? тергеу ?ызметі (МКД ЭТ?) "Алматы метро ??рылыста?ы" жым?ыру ісі бойынша фигуранттарды аны?тап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.   

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің Экономикалық тергеу қызметі (МКД ЭТҚ) "Алматы метро құрылыстағы" жымқыру ісі бойынша фигуранттарды анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.   

"Алматы бойынша МКД ЭТҚ-да метрополитен құрылысы кезінде ҚР ҚК-нің 1997 жылғы редакциясымен 176-баптың 4-тарауының "б" тармағында қарастырылған (аса ірі көлемдегі өзгенің мүлкін иемдену немесе талан-таражға салу) мемлекет қаржысын жымқыру бойынша сотқа дейінгі материал жатыр", - делінген Tengrinews.kz сауалына Жетісу көлік прокуратурасының берген жауабында. 

Прокурорлар тергеу құпиясына байланысты істің мән-жайын ашпады.  

Реклама
Реклама

"Қазіргі кезде істі жан-жақты, толық және объектив зерттеуге бағытталған қажетті тергеулердің барлығы жүріп жатыр. Тергеу белсенді фазада, барлық деректер мен фигуранттар анықталып жатыр. Анық-қанығына жеткенше істің мән-жайы айтылмайды", - делінген жауапта. 

Жетісу көлік прокуратурасы "Алматықұрылыс" АҚ қызметі бойынша тауарлық-материалдық құндылықтарды сатып алу кезінде бағаны асыра көрсету арқылы 7,7 миллиард теңге жымқырылғанын анықтады. 

Бұл "Алматықұрылыста" ақша жымқыру бойынша бірінші даулы оқиға емес екенін айта кетейік. 2016 жылы кәсіпорынның бұрынғы директоры Мұрат Өкшебаев тоғыз жылға, директордың орынбасары Ербол Қалдыбаев және кәсіпкер Константин Антипов сегіз жылға сотталған болатын. Сонымен қатар, сот сотталушылардан шығынды өтеу үшін екі миллиард 503 миллион теңге өндіру туралы үкім шығарған болатын.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама