Алматы облысында ауыл әкімі жер бергені үшін пара алды деген күдікпен ұсталды

Алматы облысында ауыл ?кімі 670 мы? те?ге пара алды деген к?дікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?Р Мемлекеттік ?ызмет істері министрлігіні? сыбайлас жем?орлы??а ?арсы іс-?имыл ?лтты? бюросыны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысында ауыл әкімі 670 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы облыстық департаментінің өкілдері Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ават ауылдық округінің әкімі Наушабаевты ұстады. Наушабаев дәнекерші адам арқылы Ават ауылдық округында жеке тұрғын үй құрылысына жер телімін беру үшін жеке тұлғадан 670 000 теңге пара алған", - делінген хабарламада. Қазіргі уақытта әкім Іле аудандық ІІБ-нде қамауда отыр. Осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, Оңтүстік Қазақстан облысында Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің облыстық департаментінің қызметкерлері пара алды деген күдікке ілінген."Тергеу бойынша, лауазымды тұлғалар қылмыстық келісімге келіп, жүйелі түрде 60-тан аса медициналық мекеменің бас дәрігерлері мен есепшілерінен пара алып отырған. Олар қамқорлық көрсетіп, қаржыландыру және ай сайынғы есептілікті кедергісіз жеткізуді қамтамасыз етіп отырған. Параның көлемі ұйымның ауқымына қарай 5 мыңнан 100 мыңға дейін алынып отырған. Қалыбекова мен Жұмақовтың жалпы алған сомасы 993 мың теңгені құраған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама