Алматы облысында дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшылары пара алып жатқан жерінен ұсталды

Алматы облысында дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшылары пара алып жатқан жерінен ұсталды @Тұрар Қазанғапов

Алматыда спорт және дене шынықтыру бөліміне жауапты шенеуніктер пара алғаны үшін тұтқындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысында 23 сәуірде 2,6 миллион теңге пара алып жатқан жерінен облыстық білім беру басқармасының Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі және спорт бөлімінің директоры мен оның қол астындағы бөлім басшысы ұсталды.

Шенеуніктер Талдықорғандағы спорт кешенінің басшысынан бұл қаржыны осыған дейін машықтану жиынына бөлінген 5 миллион теңгенің парасы ретінде алған.

Жарнама
Жарнама

Қазір күдіктілер Талдықорғандағы уақытша ұстау изоляторында отыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама