Алматы облысында ер адам үш жасар қызды ұрлап кеткен

© newsmir.info

Алматы облысы Байсерке ауылында 56 жастағы ер адам үш жасар қызды ұрлап кетіп, жасырынған. Кейіннен ол Қапшағай ауданынан табылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"30 шілдеде сағат 21.50-де Байсерке ауылындағы мешіттердің бірінің аумағында белгісіз ер адам 2015 жылғы қызды ұрлап кетті. Қыздың әкесінің айтуынша, ер адамды іздестіру жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде полицейлер ер адам жарты сағаттан соң ұстады", - деп хабарлады Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Сергей Незнаев.

Сондай-ақ, ІІД өкілдері ер адамның 1962 жылғы екенін және тұрғылықты мекенжайы жоқ екенін айтып өтті. Қазіргі уақытта оған қатысты бұлтарпау шарасын қолдану мәселесі қарастырылып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама