Алматы облысында өз анасына көсеу лақтырған ер адам жазаланады

© vevby.ru

Анасымен жанжалдас?ан кезде анасына к?сеу ла?тыр?ан Алматы облысы Райымбек ауданы Кеген ауылыны? 42 жаста?ы т?р?ыны ?ылмысты? жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ??ірлік ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Анасымен жанжалдасқан кезде анасына көсеу лақтырған Алматы облысы Райымбек ауданы Кеген ауылының 42 жастағы тұрғыны қылмыстық жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, әйел адам ауруханаға түсті. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 желтоқсанда 67 жастағы әйел дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Әйел түрлі соққы алып, миы шайқалған.

"Зардап шеккен әйел бастапқыда денесіндегі жарақаттарды қай жерде және қалай алғанын жасырмақшы болған. Бірақ тәртіп сақшылары оны өз ұлы ұрып-соққанын анықтады. 1975 жылғы ер адам анасымен бірге тұрған. Ол бірден ұсталып, аудандық полицияға жеткізілген. Райымбек аудандық полиция бөлімшесіндегілер осы дерек бойынша қыдмыстық тергеу бастады", - деп хабарлады өңірлік ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, полициядағылар күдіктінің егде жастағы анасын мас күйде ұрып-соққанын анықтады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама