ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 16 наурыз 2017 15:13
Алматы облысында полицейлер алты жеңгетайды ұстады
Алматы облысында ?ш к?нде алты же?гетай ?ол?а т?сті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысыны? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.
Алматы облысында үш күнде алты жеңгетай қолға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ІІД өкілдерінің мәліметі бойынша, наурыздың 13 мен 15 аралығында "Стоп-трафик" шарасы өткізіліп, полицейлер сауналар мен қонақүйлерді тексерген.
"Ресми құжаттар бойынша, ұсталғандар сауналар мен қонақүй әкімшілері ретінде тіркелген. Алайда олардың жеңгетайлықпен айналысатыны анықталды. Қазір олар қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр", - дейді полицейлер.
Бұл деректер Еңбекшіқазақ, Қарасай аудандары, облыс орталығы мен Жаркент қаласында анықталды.
"Күдіктілер қатарында бес әйел мен бір ер адам бар. Олардың кінәсі дәлелденсе, мүлкі тәркілене отырып, бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады", - дейді ІІД өкілдері.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу