Алматы облысында қарақшылар зейнеткерді үтікпен азаптаған

© AlashInform.kz

Алматы облысыны? полицейлері зейнеткерге шабуыл жаса?ан к?діктілерді ?стады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі айма?ты? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Алматы облысының полицейлері зейнеткерге шабуыл жасаған күдіктілерді ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі аймақтық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2016 жылдың 6 желтоқсанында Қаратал ауданының орталығы Үштөбе қаласында 86 жастағы әжейге шабуыл жасалған. Қылмысқа күдікті ретінде 1977 және 1995 жылы туған жергілікті тұрғындар ұсталды. Қазіргі кезде олар уақытша ұстау абақтысына жабылды. 

Криминалдық полиция мәліметі бойынша, күдіктілер бетперде киіп, зейнеткерді пышақпен және үтікпен азаптаған. Қарақшылар үйден 205 мың теңгені алып кеткен. Жарақаттар алған әжей ауруханаға жатқызылған. 

Реклама
Реклама

"Осы дерек бойынша тергеу ісі облыстық департамент бақылауына алынды. Жедел шаралар барысында күдіктілердің тұлғалары анықталды. Олар Үштөбе қаласында ұсталды. Күдіктілер кінәсін мойындады", - деп атап өтті құқық қорғау органдарының қызметкерлері.

Тергеу барысында ұсталғандардың бірі өзге ауыр қылмысқа қатысы бар екені анықталды. 

Мұның алдынд Алматыда осыған ұқсас оқиға болған еді. Түн ортасында Алмалы ауданында төрт ер адам қарт әжейдің үйіне басып кірген. Зейнеткерді байлап қойып, одан ақша талап еткен. Салдарынан 68 жастағы әжей ауруханаға жатқызылды. Қарақшылар оны үтікпен қиаған

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама