Алматы облысында "Қорғас ісі" бойынша соңғы фигурант ұсталды

© svopi.com

Сыбайлас жем?орлы??а ?арсы іс-?имыл ?лтты? бюросында?ылар "?ор?ас ісі" бойынша халы?аралы? іздеуде бол?ан Бекболат ?айырбаевты ?стады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. Бекболат ?айырбаев11 ?ырк?йекте Алматы облысында ?сталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросындағылар "Қорғас ісі" бойынша халықаралық іздеуде болған Бекболат Қайырбаевты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бекболат Қайырбаев11 қыркүйекте Алматы облысында ұсталды.

Ведомстводағылардың мәліметінше, Бекболат - ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы Талғат Қайырбековтың туған бауыры. "Ағасының тапсырмасымен Бекболат Қайырбаев Талғат Қайырбаевты қылмыстық жауапкершілікке тартпас үшін лауазымды қызметкерлерге өзінің таныстары Зиманова М., Аубакирова У., Кусманова. және Юсупова Р есімді азаматшалар арқылы 3,2 миллион доллар көлемінде пара берген", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Бекболат Қайырбаев 2012 жылдың наурыз айынан бері іздеуде болған. "Қазіргі уақытта антикоррупциялық қызметтегілер іздеуде болған ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің барлығын ұстады", - деді ведомство өкілдері.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 2016 жылдың қаңтар айында Алматыда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы өкілдері "Қорғас ісі" бойынша Е. Малибаев есімді азаматты ұстаған болатын.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама