Алматы облысында қытайлық бизнесменді белгісіздер оңдырмай сабап кеткен

Алматы облысында қытайлық бизнесменді белгісіздер оңдырмай сабап кеткен © caravan.kz

Алматы облысында Линь Вэйцзи есімді ?ытайлы? бизнесменге 10 желто?сан к?ні белгісіз 3 адамны? шабуыл жасау о?и?асы тергеліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz айма?ты? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Алматы облысында Линь Вэйцзи есімді қытайлық бизнесменге 10 желтоқсан күні белгісіз 3 адамның шабуыл жасау оқиғасы тергеліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz аймақтық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Линь Вэйцзи Алматы облысындағы ең ірі компаниялардың бірі "Маолин" ЖШС-ын басқарады. 10 желтоқсанда түнгі 2:00 шамасында белгісіз үш адам компанияның жатақханасына қарақшылық жасамақ ниетте кірген. Жүргізушіні соққыға жығып және байлап тастап, мүлікті шығаруға кіріседі. Бірақ осы кезде шу шыққандықтан, екінші қабаттан Ли Вэйцзи төмен түсіп, бетперде киген ер адамды көрген. "Маолин" ЖШС бас директоры қаскөйді тоқтатпақ болған, алайда, қылмыскер оны соққыға жығады да, оған екі сыбайласы қосылған.

Күзетшілердің жақындап қалғанын көрген ұрылар ештеңе алмастан, қашып кеткен. Бизнесменге медициналық жәрдем көрсетілді. Вэйцзи ауыр жарақаттар алған, оның бетіне он шақты тігіс салынды. 

Жарнама
Жарнама

"Бұл дерекке қатысты қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 191-бабының 2-тармағы - "Қарақшылық" бойынша қозғалды. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр"- дейді баспасөз қызметінің өкілдері.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама