Алматы облысында сотталған экс-әкімнің жазасы қатаңдады

Алматы облысының соты Іле ауданындағы Ащыбұлақ ауылдық округінің алты жылға сотталған әкіміне шыққан үкімнің күшін жойып, шенеунікті жеті жылға соттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдынғы үкім ақылдасу бөлмесінің құпиясы ашылуына байланысты күшін жойған. Облыстық қылмыстық істер бойынша сот алқасы жаңа үкім шығарды.

"Күзембаев бірнеше тұлғамен алдын ала келісім бойынша 3,6 миллион теңге пара алғаны үшін сотталды. Ол жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Ол қауіпсіздігі қылмыстық-атқару жүйесі минималдық мекемеде жазасын өтейтін болады. Күзембаев сот залында қамауға алынды", - делінген сот хабарламасында. 

Реклама
Реклама

 Сот үкімі заңды күшіне енді. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама