Алматы облысында үш ер адамды өлтіргендердің мотиві белгілі болды

Алматы облысында а?айынды жігіттерді 36 бас мал ?шін ?лтірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі тергеу барысынан м?ліметі бар дерекк?зге сілтеме жасап. ?ылмыс пайда табу ма?сатында жасал?ан. Тергеуді? м?ліметінше, мар??мдарды? 36 бас ірі ?ара малы жо?ал?ан. Шы?ын к?лемі - 5 миллион те?геден асады екен.   

Алматы облысында ағайынды жігіттерді 36 бас мал үшін өлтірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі тергеу барысынан мәліметі бар дереккөзге сілтеме жасап. Қылмыс пайда табу мақсатында жасалған. Тергеудің мәліметінше, марқұмдардың 36 бас ірі қара малы жоғалған. Шығын көлемі - 5 миллион теңгеден асады екен.   

Бұл қылмысқа қатысы бар делінген 1971 және 1975 жылғы екі ер адамның ұсталғаны хабарланып отыр. Ал осыған дейін Алматы облыстық ІІД өкілдері ұсталғандардың Алматы облысының Жамбыл ауданының тұрғындары екенін хабарлаған.

Еске салайық, Талдықорған қаласына жақын маңдағы Көксу ауданының 3 тұрғыны Алматы жақтағы Ұзынағаш базарында мал сатамыз деп із-түссіз жоғалып кеткен болатын. 

Реклама
Реклама

Кейінірек олардың өлі табылғаны хабарланған еді. Ведомстводағылардың айтуынша, марқұмдардың денесінде зорлық белгілер бар. Полицейлер кісі өлтірді деген күдіктілерді ұстапты. Олар Жамбыл ауданының екі тұрғыны. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша соталды тергеу басталыпты. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама