Алматы облысының полицейлері ломбардты тонағандарды ұстады

© Тengrinews.kz

Полицейлер ?шт?бе ломбардты тона?ан 6 к?діктіні ?стады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысты? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. ?ылмыс туралы 2016 жылы 5 тамызда белгілі бол?ан. Ведомствоны? м?ліметі бойынша, к?діктілерді? жасы 26-30 жасты? аралы?ында. 

Полицейлер Үштөбе ломбардты тонаған 6 күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қылмыс туралы 2016 жылы 5 тамызда белгілі болған. Ведомствоның мәліметі бойынша, күдіктілердің жасы 26-30 жастың аралығында. 

Қаратал ауданының полицейлеріне хабарлама түскен. Ведомствоның мәліметі бойынша, белгісіз біреулер қалалық ломбардтың қабырғасын бұзып, ақша мен алтын бұйымдарды ұрлаған. Келтірілген залал - 46 миллион теңгені құраған. " Жедел шаралар барысында Қаратал аудандық полициясы мен облыстық департамент қызметкерлері бірлесе жұмыс істеп қылмыс жасаған күдіктілерді анықтап, ұстаған. Атқарылған шаралар барысында қазіргі уақытта алты адам ұсталған олар - Көксу, Талғар аудандарының және Талдықорған тұрғындары. Ұсталғандардың барлығы қамауда", - дейді Алматы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіндегілер. 

Ведомстводағылар полицейлердің 4 қымбат автокөлікті қамауға алғанын хабарлады. Ол көліктер ұрланған ақшаға алынғаны анықталған. Ұрланған заттар іздестіріліп жатыр.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама