Алматы орталығында қарудан оқ атқан адам ұсталды

© РИА Новости

Алматы полициясы қала ортасында травматикалық қарудан оқ атқан бұзақыны ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 24 тамызда Гоголь мен Абылай хан көшелерінің қиылысында болды. Екі таныс жігіт дауласып қалып, араларында қақтығыс туған. Олардың бірі травмат қаруын қолданғаннан кейін оқиға орнынан қашып кеткен еді.

Полиция бұзақының аты-жөнін анықтап, ұстады. Ол Алматының 23 жастағы тұрғыны болып шықты. "Қазір жауап алынып жатыр. Травмат қаруының оның атына тіркелгені анықталды", - деді ІІД өкілдері. "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған жігіт уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Алматы полициясы республика бойынша травматикалық және газды-травматикалық қарулар үшін қайтарымды сатып алу акциясының жүріп жатқанын еске салды. Бүгінге дейін Алматы полициясына 11 мың 755 травматикалық қару түскен.

 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама