Алматы полициясы ауыр қылмыс жасаған күдіктіні іздестіріп жатыр

© ulanmedia.ru

Полиция ?ара?шылы? шабуыл жаса?ан к?діктіні іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ІІД баспас?з ?ызметіні? ?кіліне сілтеме жасап. 

Полиция қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ІІД баспасөз қызметінің өкіліне сілтеме жасап. 

Алматы қаласының Әуезов аудандық ІІБ қызметкерлері 11 сәуірде түнгі уақытта Яссауи көшесінде ауыр қылмыс жасаған күдіктіні ұстау үшін жедел-іздеу шараларын жүргізіп жатыр. Полиция мәліметінше, қарақшылық шабуыл жасаған қаскүнем Toyota Camry автомобилін мініп кеткен. 

"Қылмыскер ұрланған көлікпен Жамбыл облысына қарай беттеген. Алайда 157-ші шақырымда Алматы - Бішкек тасжолында ол жол апатына ұшырап, оқиға орнынан қашып кеткені анықталды. Бір нұсқа бойынша, ол басында бет алған бағытында жүруді жалғастырған", - деді ІІД өкілі. 

Реклама
Реклама

Полиция сол аймақтан азият нәсілді, болжаммен 30-35 жастағы ер адамды жолдан алып кеткендер болса полицияға хабарласуды сұрайды. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама