ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 15 маусым 2017 10:29
Алматы полициясы түнде жаяу жүргіншіні қағып өлтірген жүргізушіні іздестіріп жатыр
Алматы полициясы б?гін т?нде жаяу ж?ргіншіні ?а?ып ?лтірген ж?ргізушіні іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы ?алалы? ІІД баспас?з ?ызметіні? м?ліметінше, полиция жол апатына кін?лі адамды іздестіріп жатыр.
Алматы полициясы бүгін түнде жаяу жүргіншіні қағып өлтірген жүргізушіні іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция жол апатына кінәлі адамды іздестіріп жатыр.
"Бүгін түнде сағат 2.30-да "Теректі" мен "Ақбұлақ" ықшамаудандарынан кейінгі айналмалы жолда жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Ер адам оқиға орнында көз жұмған. Қаза болған ер адам шамамен 40-45 жаста. Қазіргі уақытта оның кім екені анықталып жатыр. Жүргізуші оқиға орнынан жасырынған", - деді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша - "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" және "Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу" сотқа дейінгі тергеу басталды.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу