Алматыда 15 жастағы жеткіншек ер адамды пышақтап кеткен

Алматыда 15 жастағы жеткіншек ер адамды пышақтап кеткен Видео кадры

Алматыда 22 қыркүйекте ер адамдар арасында төбелес болып, біреуі алған ауыр жарақаттан көз жұмды, - деп хабарлайды inAlmaty.kz.

Алматыда 22 қыркүйекте ер адамдар арасында төбелес болып, біреуі алған ауыр жарақаттан көз жұмды, - деп хабарлайды inAlmaty.kz.

Оқыс оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен. Оқиға Ақкент шағын ауданында болған. Төбелеске қатысқандардың бірі пышақ жарақатын алып, ауруханада көз жұмған. Күдіктінің жасы 15-те. 

Реклама
Реклама

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті төрт сағаттан кейін ұсталған. 

"Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Алатау ауданының полиция басқармасы бірден жедел тергеу тобын құрды. Күдікті оқиға болғаннан кейін төрт сағат ішінде ұсталды. Ол бірден уақытша сақтау изоляторына қамалды", - дейді басқарма өкілдері. 

Күдіктіге ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігі бойынша айып тағылып отыр. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама