Алматыда 22 жастағы жүргізуші Ұлттық бюро қызметкерінің жалған куәлігімен ұсталды

Ж?мыссыз ж?рген 22 жаста?ы алматылы? Toyota Land Cruiser Prado к?лігін ж?ргізуші ку?лігінсіз ж?ргізіп, жауапкершіліктен ?ашу ма?сатында полицейлерге Сыбайлас жем?орлы??а ?арсы ?ызметтегілерді? біріні? жал?ан ?ызметтік ку?лігін к?рсеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жұмыссыз жүрген 22 жастағы алматылық Toyota Land Cruiser Prado көлігін жүргізуші куәлігінсіз жүргізіп, жауапкершіліктен қашу мақсатында полицейлерге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегілердің бірінің жалған қызметтік куәлігін көрсеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматының Медеу аудандық № 2 сотының үкіміне қарағанда, 22 жастағы жігіт маусым айының ортасында Алмас есімді адамнан 150 мың теңгеге орган қызметкерінің қызметтік куәлігін сатып алған.

Сондай-ақ, құжатты сатқан адамның "осы қызметтік куәліктің қажетті базаға енгізілетінін" уәде бергені айтылады.

Реклама
Реклама

Маусым айының соңында Toyota Land Cruiser Prado көлігімен Дулати көшесіне өтпен болған 22 жастағы алматылықты жол-полицей патрулі тоқтатқан. Полициядағылар жүргізуші куәлігінің жоқ екенін анықтаған. Сот үкіміндегі материалға қарағанда, 22 жастағы жүргізуші өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте жұмыс істеймін деп, жауапкершіліктен құтылып кетпекші болған. Содан полициядағылар оқиға орнына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюроның Алматы бойынша департаментінің қызметкерлерін шақырған. Олар құжаттың жалған екенін анықтаған. Осыған байланысты жүргізуші куәліксіз көлік жүргізгені үшін жауапкершілікке тартылған.

Жүргізуші қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сотта 22 жастағы жігіт кінәсін толықтай мойындап, істеген ісіне өкінді. Сот оны қылмыстық ереже бұзушылықтарды жасады деп айыптап, бір жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды.

Сондай-ақ, сот сотталушыға қатысты пробациялық бақылау орнатып, тұрғылықты мекенжайын өзгертуге, арнайы органдарға ескертпей жұмыс орнын ауыстыруға, ойын-сауық мекемелеріне: мейрамхана, кафе, барларға бару, органдардың рұқсатынсыз басқа елді мекендерге кетуге тыйым салды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама