Алматыда 27 нәрестенің сатылуы бойынша қозғалған іс сотқа келіп түсті

© Sitv.ru

Алматыда нәрестелерді сату ісі бойынша қозғалған қылмыстық іс қаралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Кәмелетке толмағандарды сату" және "Жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу" баптары бойынша қозғалған қылмыстық іс кәмелетке толмағандар ісі бойынша мамандандырылған ауданаралық сотына келіп түсті.

45 томдық қылмыстық істің 15 қаңтарда сотқа түскені анықталды. Сотқа барлығы 32 адам тартылып жатыр. Олардың 18-іне кепілақы қалдыру арқылы босату шарасы қолданылды. Қалған 14 адам ешқайда кетпеу туралы қолхат қалдырған. "Сотталушылардың көбі әйелдер. Басқа мәлімет жоқ", - деді баспасөз қызметі өкілдері.

Бұған дейін Алматы облысында перзентхана қызметкерлерінің 22 сәбиді ақшаға сатып жібергені хабарланған еді. Олар қылмыстық іске бірнеше жыл бойы барған.

Реклама
Реклама

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама