Алматыда атыс болып, бір адам қаза тапты

Алматыда атыс болып, бір адам қаза тапты © komi-news.ru

Алматыда атыс болып, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 28 маусымда түнде Қалқаман ықшамауданында болған. Екі ер адамның арасында жанжал шығып, оның барысында бірі травмат қаруын қолданған. Оның нәтижесінде екінші ер адамның басына оқ тиіп, қаза тапқан. 

"Қазіргі уақытта жедел топ құрылды, криминалдық полиция басқармасы жұмыс істеп жатыр. Кісі өлтіру дерегі бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. Атқан адамның аты-жөні анықталды", - деп хабарлады полициядағылар.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама