Алматыда атыс ұйымдастырғандар ұсталды

Алматыда атыс ұйымдастырғандар ұсталды © Ar25.org

Алматыда 12 желтоқсан күні түнде Наурызбай батыр мен Шевченко көшелерінің қиылысында атыс ұйымдастырғандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгісіз біреулердің қару қолдануы салдарынан оқиғаға қатысушылардың бірі жараланған болатын. Медициналық тексерістен кейін ер адам ауруханаға жатуға мәжбүр болмады. Дерек бұзақылық ретінде тіркеуге алынды. "Жедел тергеу тобы атысқа қатысқандардың аты-жөнін дереу анықтады. Олар сол күні ұсталды, қаладан кетіп қалуға үлгермеді", - деп хабарлады баспасөз қызметі. Сонымен қатар, тіркелмеген қару тәркіленді.

Сот-баллистикалық сараптамасы арқылы қарудың нақты кімге тиесілі екенін және оның басқа қылмыстарға қатысын анықтау жоспарланып отыр. Күдікті Алматы ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама