Алматыда банктің тоналғаны туралы мәлімет расталды

Алматыда банктің тоналғаны туралы мәлімет расталды © Тengrinews.kz

Алматы ІІД ?кілдері 27 маусымда кешкі уа?ытта екінші де?гейдегі банктерді? бірі тонал?аны туралы м?ліметті ресми т?рде растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы ІІД өкілдері 27 маусымда кешкі уақытта екінші деңгейдегі банктердің бірі тоналғаны туралы мәліметті ресми түрде растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз екінші деңгейдегі банктердің бірі тоналғаны туралы мәліметті растаймыз. Істің мән-жайы айтылмайды. Арнайы жедел тобы құрылды, онда криминалдық полиция қызметкерлері және аудандық ІІБ ең мықты қызметкерлері енді. Тергеу барысын Алматы ІІД басшысы өз қарамағына алды", - деді ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Тонау дерегіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы ("Тонау") бойынша іс қозғалды. Ұрылар ірі көлемде қаражатты алып кеткен. 

Жарнама
Жарнама

Айта кетейік, "Арай" тұрғын үй кешенінде "Альфа банк" бөлімшесі орналасқан. Қаржы мекемесі осы жағдайға байланысты тергеу жүріп жатқанына байланысты ешқандай пікір білдірген жоқ.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама