Алматыда белгісіз біреулер әкімдік отырғызған шыршаларды ұрлап кетті

Трансляция скриншоты

Алматыда белгісіз біреулер ?кімдікті? бастамасымен Бекмаханов к?шесіндегі С?лтан ?арасу ?зеніні? жа?асына отыр?ызыл?ан шыршаларды ?рлап кетті, - деп хабарлайды рeriscope ар?ылы трансляция ж?ргізілді.

Алматыда белгісіз біреулер әкімдіктің бастамасымен Бекмаханов көшесіндегі Сұлтан Қарасу өзенінің жағасына отырғызылған шыршаларды ұрлап кетті, - деп хабарлайды рeriscope арқылы трансляция жүргізілді.

Әкімдіктің мәліметінше, ұрлық 5 желтоқсанға қараған түні болған. Ұрылар 13 шыршаны қолды қылды. Келген шығын 500 мың теңгеге бағаланды. Өзен жағасына барлығы 200 шырша отырғызылған болатын. Қазір оқиға болған жерде полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Реклама
Реклама

"Кеше шыршаның ұрланғаны туралы деректі анықтадық. Бұл жұмысты халық үшін жасаған едік. Мұндай вандализм үшін біз қатты ұялдық. Шара қолдану үшін мұны барлығына көрсеткіміз келеді", - деді трансляция кезінде мердігер компанияның директоры.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама