Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кетті

Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кетті © instagram.com/tenis_den

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Алматыда пышақталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Әлішер Елікбаев хабарлады. 

"Бұл нақты мәлімет, бірақ мән-жайын білмеймін", - деді ол.

Қазіргі уақытта спортшы жансақтау бөлімінде жатыр. Оқиға бейсенбіде түскі уақытта Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Ол Орталық қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Жарнама
Жарнама

Денист Тен - ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама