Алматыда белгісіздер ер адамды қылқындырып өлтірді

Алматыда белгісіздер ер адамды қылқындырып өлтірді © Видеоролик кадры

Алматы көшесінде белгісіз біреулер жұрттың көзінше ер адамды қылқындырып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz&nbspтілшісі.

Роликті&nbspFacebook әлеуметтік желісіне қолданушы Қуаныш Егімбаев жүктеді. "Осындай видео Желіде жүр. Күндізгі уақытта адамды өлтіріп жатыр, ешкім назар аудармайды. Соған қарағанда бұл Алматыда, Райымбек даңғылы мен Сайын көшелерінің қиылысында болған оқиға", - деп жазды ол. Бірнеше сағаттың ішінде бұл жазбаны 200 адам бөлісті, видеоны үш мыңнан астам адам көріп үлгерді. Өзге қолданушылардың айтуынша, оқиға Момышұлы көшесі мен Райымбек даңғылының қиылысында бүгін, 20 маусымда шамамен 18.00-де болды.

Видеода бір ер адамның мемлекеттік номері&nbspA966DXP деп жазылған автомобильдің маңында бір еркекті қылқындырып&nbspжатқаны көрінеді. Бұл әрекетті кадр сыртында бір қыз сипаттап, видеоға түсіріп тұрады. Алайда жапа шеккен азаматқа ешкім де көмек шақырғысы келмейді. Бірнеше секундтан кейін ер адам құлап түседі. Ролик авторлары болса ер адамның өліп қалғанын айтып, тұжырым жасайды. Кадрларда қара көк түсті&nbspMercedes автомобилінің мемлекеттік номері анық көрінеді, болжам бойынша,&nbspH526UOM номерлі көлік қылқындырған адамның мүлкі.

Жарнама
Жарнама

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл оқиға жайында полицияға хабар берілгенін айтты. Оқиғаның жай-жапсары әзірше белгісіз.

&nbsp
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама