Алматыда бір әйел жалға алған 10 пәтерін сатып жіберген

© Tengrinews.kz

Алматы қаласында өзін қалалық тұрғын үй басқармасының қызметкері болып таныстырған алаяқ әйел сатылатын пәтердерлі ұсынып, ондаған адамды алдап кеткен. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Медеу аудандық прокурорының көмекшісі Ержан Құрақбаев айтып берді.

Оның айтуынша, 48 жастағы әйел жәбірленушілерге мемлекеттік бағдарламамен арзан баспана әперетінін айтып сендірген. Оның үстіне әйел пәтерлерді болашақ жәбірленушілерге көрсету үшін жалға алған. Сатып алғандар бұл пәтерлерге көшіп үлгеріпті де. Алаяқ әр сатып алушыдан түрлі сомада қаражат алған, жалпы келген шығын - 300 мың доллар (72,9 миллион теңге). Ал құжаттарын кейін тіркеп беретінін айтыпты. Алайда алматылықтар оның ісінен күмәнданып, полицияға хабар берген. 

Бақылау органының өкілінің айтуынша, таяуда Медеу аудандық соты әйелді алты жылға мүлкін тәркілей отырып бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Ол жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болды.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама