Алматыда бизнес-орталықтарды тонап жүрген банда ұсталды

Алматыда бизнес-орталы?тарды тонады делінген к?діктілер ?сталды. Б?л туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы ?алалы? ІІД Криминалды? полицияя бас?армасыны? басшысы Жанболат Зиадин айтты.

Алматыда бизнес-орталықтарды тонады делінген күдіктілер ұсталды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қалалық ІІД Криминалдық полицияя басқармасының басшысы Жанболат Зиадин айтты.

Айта кетейік, 2017 жылдың 5 қыркүйегінде күдіктілер бір түннің ішінде Төле би көшесінде орналасқан бизнес-орталықтың екінші қабатынан жетінші қабатына дейінгі кеңселерді тонап кеткен болатын. Ал шілдеде "Берекет" бизнес-орталығының кеңселері тоналған еді.

"Олар ШҚО тұрғындары болып шықты. Төрт күдікті 2017 жылдың 2 қазанында ұсталды. Осыған дейін сотты болған. Күдіктілерден ұрланған ақшаға сатып алынған екі көлік пен 45 мың доллар көлемінде ақша тәркіленді. Жарты тәулікте олардың Алматыдағы осындай 16 дерекке қатысы бар екенін дәлелдедік. Қылмыстың басым бөлігі орталық аудандарда жасалған", - деді Жанболат Зиадин

Реклама
Реклама

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, олар тонайтын нысандарын Интернет арқылы таңдап отырған. Кеңселерді клиенттер ретінде барып көрген. Полициядағылардың айтуынша, қылмыс түнгі уақытта жасалған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама