Алматыда BMW жүргізушісі полицейлерге қарсылық көрсетті

Алматыда BMW ж?ргізушісі полицейлерге ?арсылы? к?рсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. О?и?а Яссауи к?шесіні? бойында та??ы уа?ытта бол?ан.

Алматыда BMW жүргізушісі полицейлерге қарсылық көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға Яссауи көшесінің бойында таңғы уақытта болған.

Алматы қалалық ІІД өкілдері жүргізушіні полицейлердің жолақ ережесін бұзғаны үшін тоқтатпақ болғанын хабарлады. 

"Төле би-Яссауи қиылысында таңғы сағат 8.20 шамасында жол-патрульдік полициясы экипажы жол қозғалысы ережесін бұзған BMW жүргізушісін байқаған. Тоқтау туралы бұйрық берілді, бірақ жүргізуші талапқа мойынсынбай, жылдамдықты арттырды. Сондықтан полицейлер оның артынан қуды. Нәтижесінде ол Яссауи-Шаляпин қиылысында ұсталды", - деді қалалық ІІД өкілдері.

Реклама
Реклама

Тізгінде ер адам, ал жолаушылар орындығында бір қыз отырыпты. 

"Жүргізуші есірткі затына мас болған деген күдік болды. Ол медициналық куәландырудан өтті. Қазір наркологиялық сараптаманың қорытындысын күтіп отырмыз", - деді полициядағылар.

Жүргізуші Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің екі бабы бойынша жауапкершілікке тартылады. Ол ұсталып, көлігі айып тұрағына қойылған. 

 Полициядағылар қызметкерлердің қару қолданбағанын атап өтті.

Tengrinews
Автор сұрағы
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама