Алматыда дүкенді тонаған ер адам камераға түсіп қалды

видеодан үзінді

Алматыда "Жас ?анат" ы?шамауданында ?рлы? жаса?ан ер адамды бейнеба?ылау камералары т?сіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видео Instagram желісіндегі zhest_kz пара?шасында жарияланды. 

Алматыда "Жас Қанат" ықшамауданында ұрлық жасаған ер адамды бейнебақылау камералары түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видео Instagram желісіндегі zhest_kz парақшасында жарияланды. 

2018 жылы 8 қаңтарда түнгі уақытта ұрлық болған. Дүкеннен қомақты қаражат ұрланған. Видеода ер адамның дүкенге кіріп, үстелдің тартпаларын ақтарып жатқанын көруге болады. 

Алматы ІІД өкілдері осы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Түрксіб аудандық ІІБ тергеу бөлімі осы деректі өндіріске алып, ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы ("Ұрлық") бабы бойынша бірыңғай реестрге тіркеді. 

Реклама
Реклама

"Жедел-тергеу тобы құрылды. Іс материалдарына бейнебақылау камерасы түсірген видео тапсырылды. Қазіргі уақытта тиянақты тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Қалалық криминалды полиция қызметкерлері де осы іске жұмылдырылған", - деді полиция өкілдері. Сонымен қатар, ІІД өкілдері 180 мың теңгенің ұрланғаны жайлы хабарлады. 

 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама