Алматыда көлік тонаған ұры видеоға түсіп қалды

видеодан үзінді

Алматыда ?йлерді? бірінде орнатыл?ан бейнеба?ылау камерасы авток?лікті тона?ан ?рыны т?сіріп алды, ол Lexus жол тал?амайтын к?лігінен пластикалы? жабды?тарды шешіп жат?ан, - деп хабарлайды Patrul.kz.

Алматыда үйлердің бірінде орнатылған бейнебақылау камерасы автокөлікті тонаған ұрыны түсіріп алды, ол Lexus жол талғамайтын көлігінен пластикалық жабдықтарды шешіп жатқан, - деп хабарлайды Patrul.kz.

Басылым оқырманының айтуынша, оқиға Гагарин көшесінде орналасқан 167-ші үйдің ауласында болған. 

Реклама
Реклама

Ұрының әрекеті ұқыпты болғаны соншалық, автомобильдің дабыл жүйесі іске қосылмаған.

"Қолғаппен жұмыс істеген. Оның мұндай қылмысқа бірінші рет барып отырмағаны көрініп тұр. Оның қалай істейтінін біледі. Бұл - әккі ұры. Ол сонымен күн көреді. Қаладағы көлік жабдықтарын сататын базарларда істеуі мүмкін", - дейді басылымның оқырманы. 

Шетелдік автокөліктің иесі Алматы қаласының Бостандық аудандық ІІБ-не арыз бергені белгілі болды.  

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама