Алматыда компания қызметкерлеріне қарулы шабуыл жасалды

© РИА Новости

"РЭМ Кран" ЖШС қызметкерлеріне қарулы шабуыл жасалды. Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыскерлер аса ірі көлемде ақшаны алып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компания қызметкеріне сілтеме жасап.

Қарулы шабуыл 8 мамырда түске қарай болған. Қаза болғандар бар. Алматы бойынша ІІД хабарлауынша, бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі ("Адам өлтiру") бойынша қылмыстық іс қозғалды. "Арнайы шұғыл-тергеу тобы құрылды, олардың құрамында Наурызбай аудандық ішкі істер басқармасы мен қалалық ІІД криминалдық полициясының қызметкерлері бар. Шұғыл-тергеу амалдары мен қылмыскерлерді анықтау және ұстау шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Алматы ІІД баспасөз қызметіндегілер. Оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

 

Реклама
Реклама

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама