Алматыда мас күйде жаяу жүргіншіні қағып өлтірген BMW жүргізушісі сотталды

Алматыда мас күйде жаяу жүргіншіні қағып өлтірген BMW жүргізушісі сотталды © "Территория происшествий"

Алматыны? 34 жаста?ы ер адамды ?а?ып ?лтірген BMW ж?ргізушісі сотталды. О?и?а шілдеде Шаляпин к?шесіні? бойында бол?ан, - деп хабарлайды Tegrinews.kz тілшісі ?уезов ауданды? сотыны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Алматының 34 жастағы ер адамды қағып өлтірген BMW жүргізушісі сотталды. Оқиға шілдеде Шаляпин көшесінің бойында болған, - деп хабарлайды Tegrinews.kz тілшісі Әуезов аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Сот М. есімді азаматты ҚР ҚК-нің 347-бабы және 345-бабының 3-тарауы бойынша кінәлі деп таныды. Жеңіл жаза ауырымен жойылуды қарастыратын 58-баптың негізінде ол 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейдеге колонияда өтейді", - дейді ведомство өкілдері. 

Сотта айыпталушының 17 шілдеде сағат 07:50-де BMW 528 көлігін мас күйде жүргізіп келе жатып, Шаляпин көшесінде жол ортасында тұрған жаяу жүргіншіні қағып кеткені айтылды. 

Реклама
Реклама

Тергеу мәліметі бойынша, оқиғадан кейін жүргізуші зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсетуге тырыспаған және оқиға орнынан кетіп қалған. Алайда Момышұлы көшесінде Toyota Previa маркалы көлікке соқтығысады.

Сонымен қатар, ер адам көлік жүргізу құқығынан бес жылға айырылды. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама