Алматыда мешіттен қыруар ақша ұрлаған жігіт видеоға түсіп қалды

Видеодан үзінді

Алматыда мешіттен ?ыруар ?аражат ?рла?ан жігіт видео?а т?сіп ?алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда мешіттен қыруар қаражат ұрлаған жігіт видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"16 наурызда Алматыда мешіттердің бірінде досымды тонап кетті. Әмиянында қыруар ақша, жеке куәлігі, жүргізуші куәлігі, кредит картасы, смартфоны болған. Мешіт Яссауи көшесінде, нақты мекен-жайын білмеймін. Қылмыс түсірілген видео да бар, осы видеоны жариялауыңызды өтінемін. Осыны көріп, бұл жігіт қайтарып берер", - делінген Instagram желісіндегі kaztwitter парақшасында жарияланған видеоның сипаттамасында.

Реклама
Реклама

Алматы полициясының өкілдері ұрлық дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Мұндай дерек шын мәнінде болды. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша бірыңғай тергеулер реестрінде тіркелді. Жедел уәкілдер видеобақылау камераларындағы мәліметтерді тексеріп жатыр. Бұл жақсы дәлел. Әуезов аудандық ІІБ аясында құрылған жедел-тергеу тобы қазіргі уақытта күдіктіні анықтауға және қылмысты ашуға бағытталған жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Tengrinews
Автор сұрағы
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама